Биыл ақылы жолдарда жүргізушілер 661 мың рет жылдамдықты асырған
2026 жылдың басынан бері елдегі ақылы жолдарда жылдамдық режимін бұзған 661 мыңнан астам дерек тиісті жүйеге жолданды. Соның басым бөлігі – 518 мыңнан астамы орташа жылдамдықты асыруға қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ақылы жолдарда жылдамдықты бақылаудың екі тәсілі қолданылады.
Компанияның мәліметінше, 11 учаскеде орташа жылдамдық бақыланады. Жүйе көліктің жолдың белгілі бір бөлігін қанша уақытта жүріп өткенін анықтап, соның негізінде орташа жылдамдығын есептейді. Бұл бақылау тәсілі 2025 жылы енгізілген.
«1 қаңтардан 14 қыркүйекке дейін орташа жылдамдықты бақылау нәтижесінде 518 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі анықталды. Бұл жылдамдықты асыруға қатысты барлық деректің 78%-ы», делінген хабарламада.
Компанияның түсіндіруінше, бұдан бөлек, 23 ақылы учаскеде белгіленген жылдамдықты асыру деректері тіркеледі. Яғни бұл жағдайда көліктің жылдамдығы тиісті шектеу белгіленген нақты бақылау аймағында өлшенеді. Жыл басынан бері осындай 143,2 мыңнан астам дерек жолданған.
Еске салсақ, Астанада 306 рет жол ережесін бұзған жүргізуші он тәулікке қамалды.