ДСМ құны 4,3 мың теңгеден төмен дәріні баға реттеу жүйесінен шығарады

ДСМ құны 4,3 мың теңгеден төмен дәріні баға реттеу жүйесінен шығарады
Фото: freepik.com

Құны 1 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 325 теңге болатын дәрі мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығарылады. Министрліктің мәлімдеуінше бұл шара бәсекелестікті дамытуға, дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Elordainfo.kz. ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарық тетігі негізінде қалыптастырады.

Бағаларды кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі №105 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде бағасы реттелуге жататын дәрілік заттар тізбесіне өзгеріс енгізілді.

«Жаңартылған тізбеге сәйкес мемлекеттік баға реттеуіне жататын позициялардың саны 3 039-дан 1 827-ге дейін қысқартылды.

Дәрілік заттардың бір бөлігін нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшіру фармацевтикалық нарық мониторингін күшейтумен қатар жүргізіледі», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, бағаны мониторингтеу және бақылау тетігін, оның ішінде тауарды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жетілдіру мәселесін пысықтауда. Цифрлық құралдар дәрілік заттардың қозғалысын қадағалауға және олардың айналымының түрлі кезеңіндегі нақты бағаны талдауға мүмкіндік береді. 

Еске салсақ, Алматы дәрігерлері 33 жастағы пациенттің көзін сақтап қалды.