Республикалық жолдар бойынша 1403-ке 13 мыңнан астам өтінім түсті
Республикалық жолдарға қатысты сұрақтары немесе мәселелері бар жүргізушілер «ҚазАвтоЖолдың» 1403 байланыс орталығына хабарласа алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7-13 қыркүйек аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 13 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.
Жүргізушілер негізінен ақылы жолдардың төлемі, бұзылған көліктерді сүйреуге көмек көрсету және басқа да маңызды мәселелер бойынша хабарласқан.
Азаматтарға ақпаратты жедел әрі қолайлы түрде ұсыну үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі де іске қосылған. Оның көмегімен 587 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделген.
Ал байланыс орталығының операторлары 11 793 қоңырауға жауап берген. Сонымен қатар мессенджерлер арқылы 920 өтінім қабылданған.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, барлық өтінім регламентке сәйкес уақтылы орындалған.
Жүргізушілер республикалық жолдарға қатысты мәселелер бойынша мына байланыс арналарына жүгіне алады:
– 1403 – байланыс орталығы;
– www.qaj.kz – ресми интернет-ресурс;
– @qazavtojolbot – Telegram бот;
– @CallCenterQaj_bot – Telegram бот;
– +7 778 001 1403 – WhatsApp мессенджері.
Осы байланыс арналары арқылы ақылы жолдардың төлемі, жолдағы бұзылған көлікке көмек көрсету және республикалық жолдарға қатысты басқа да мәселелер бойынша ақпарат алуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін мал жолға шығып, жүк көлігімен соқтығысқанын, оқиғаны ЖИ-камера тіркегенін жазғанбыз.