Ақмола облысында теміржолға төгілген күкірттің өрті сөндірілді

Бүгін, 15:51
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ақмола облысында теміржолға төгілген күкірттің өрті сөндірілді
видеодан скриншот/instagram.com/112aqmola

Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентінің маңындағы теміржолда күкірт шашылып, салдарынан өрт шыққан, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өртсөндірушілер 1 шаршы метр аумақтағы өртті дер кезінде сөндірді.

«Жүк вагоны құрамнан ажыратылып, қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілді. Төгілген зат орны инертті материалмен өңделді», - деп хабарлады ТЖД-да.

Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқиға орнында ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Уәкілетті қызметтер қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, бүгін таңертең Астанада 40 тонналық контейнерден өрт шыққан болатын.