Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастады

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастады
Фото: olympic.kz

Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан жарысы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Алғаш болып әйелдер құрамасы сынға түсіп, семсерлесуден іріктеу кезеңін өткізді.

Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен Диана Щедрова 32 жекпе-жектің 19-ында жеңіске жетіп, 12-орынға тұрақтады. Аяна Қазбекова 17 жеңіспен 16-орын алды. Ал Юлиана Петрова 14 жекпе-жекте басым түсіп, 22-орынға орналасты.

Айта кетейік, семсерлесудегі іріктеудің қорытындысы келесі кезеңде спортшылардың жеребедегі орындарын айқындайды.

Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал 17 қыркүйекте өтеді.