Құрылтай депутаттары биылғы 11 желтоқсанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында экономиканың нақты секторын цифрлық трансформациялау» тақырыбында тыңдау өткізу мәселесін қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылтай тыңдауына тиісті министрліктер мен бірқатар орталық мемлекеттік органдардың басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысады.
Жиында өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларын цифрландырудың қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланады.
Құрылтай Регламентінің 211-тармағына сәйкес, тыңдауды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына барлық тұрақты комитеттер мен саяси партиялар фракцияларының атынан 19 депутат енді.
Комиссия төрағасы болып Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев сайланды.
Бұған дейін Құрылтайдың ветеринарларға әлеуметтік қолдау көрсету туралы заң жобасын мақұлдағаны хабарланған еді.