Қазақстанның әуе компаниясы Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді

Қазақстанның әуе компаниясы Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді
Фото: Air Astana әуекомпаниясы

Air Astana әуе компаниясы 1 қазаннан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 2 қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәлімдеуінше, қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды:

Алматы-Дубай-Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін.

Астана-Дубай-Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Әуе компаниясы қазір Таяу Шығыстағы жағдайды бақылау ұстап отыр, қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі ықтимал, сондай-ақ өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.

Еске салсақ, Air Astana 21 шілдеден бастап Дубайға рейстер уақытша тоқтатқан еді. Ал 12 шілдеде Астанадан Дубайға бағыт алған бір ұшақ әуежайға кері қайтты.