Тамыз айында елімізде 166 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды
Тамыз айында елімізде 166 547 автокөлік құралы есепке қойылды. Олардың жалпы санының 87,5%-ын жеңіл автокөліктер, 5,6%-ын жүк көліктері, 2,6%-ын тіркемелер, 0,8%-ын автобустар, 0,7%-ын мотоциклдер және 2,7%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистикалық бюроға сілтеме жасап.
Ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 088,7 мың бірлікке жетті.
«Жалпы көлік паркінің құрылымында жеңіл автомобильдер – 5 105,4 мың бірлік (83,9%), жүк автомобильдері – 496,1 мың бірлік (8,1%), тіркемелер – 263,9 мың бірлік (4,3%), автобустар мен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 75 мың бірлік (1,2%), өзге де автокөлік құралдары – 58,7 мың бірлік (1%) болды», - делінген хабарламада.
Тамыз айында есепке қойылған жеңіл автокөліктердің құрылымында ең жоғары үлесті шығарылғанына 20 жылдан асқан автокөліктер құрады – 28%.
Тамыз айында тіркелген жеңіл автокөліктердің шығарылған жылдары бойынша бөлінісі төмендегідей:
3 жылға дейін – 40 513 бірлік (24,3%);
3 жылдан астам, бірақ 7 жылдан аспайтын – 12 986 бірлік (7,8%);
7 жылдан астам, бірақ 10 жылдан аспайтын – 6 011 бірлік (3,6%);
10 жылдан астам, бірақ 20 жылдан аспайтын – 39 646 бірлік (23,8%);
20 жылдан астам – 46 610 бірлік (28%).
Өңірлер бөлінісінде шығарылғанына 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер Алматы облысында – 6 254, Жамбыл облысында – 4 643 және Түркістан облысында – 4 559 бірлік тіркелді.
Еске салсақ, Elordainfo.kz 2005 жылдан бері сақталаған елордадағы қоғамдық көліктердің архив кадрын оқырман назарына ұсынды.