Күзде орманды жаңғыртқан маралдың дауысы нені білдіреді
Күзде орман ішінен алыстан естілетін маралдың ерекше дауысы – аталықтардың күйек кезеңі басталғанын білдіретін табиғи құбылыс, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Күз мезгілінде аталық маралдардың мінез-құлқы өзгереді. Олар аналықтарды шақыру және өзге аталықтарға белгі беру үшін ерекше, алыстан естілетін дауыс шығара бастайды.
Бұл кезеңде маралдар арасында бәсекелестік те күшейеді. Аталықтар өздерінің бар екенін білдіріп, аналықтар үшін жарысады. Сондықтан орман тыныштығын бұзатын ерекше үн – жай ғана дыбыс емес, жануарлардың көбею кезеңіне тән белгі.
Бұғы не үшін дауыс шығарады?
Аналықтарды шақыру үшін. Аталық марал дауыс арқылы өзінің бар екенін білдіреді және аналықтардың назарын аударуға тырысады.
Қарсыластарына белгі беру үшін. Ерекше үн басқа аталықтарға оның күйек кезеңіне қатысып жатқанын көрсетеді.
Бәсекелестік кезінде. Күйек уақытында аталықтар арасында аналықтар үшін бәсекелестік күшейеді. Бұл олардың мінез-құлқына да әсер етеді.
Маралдардың күйек кезіндегі дауысы – күзгі орманға тән әсерлі табиғи құбылыстардың бірі. Алыстан естілетін бұл үн жануарлар дүниесіндегі тіршілік ырғағының өзгергенін аңғартады.
Бұған дейін хайуанаттар бағындағы жолбарыс шөнжігінің атын тұрғындар таңдағанын жазған едік.