Қазақстанда астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты

Қазақстанда астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанда астықты теміржол көлігімен тасымалдауда оң динамика бар. 2026 жылдың сегіз айында теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға артық. Былтыр аталған кезеңде тасымалдау көлемі 8,2 млн тонна болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Күзгі егін жинау науқаны басталысымен алғашқы миллион тонна астық тасымалданды. Тамыз айында теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға жетіп, былтырғы тамыз айымен салыстырғанда 35%-ға артты.

Экспорттық тасымал да айтарлықтай өсім байқалады. 2026 жылдың сегіз айында теміржол арқылы сыртқы нарықтарға 7,2 млн тонна астық жөнелтілді. Былтыр сәйкес кезеңде 6,3 млн тонна (14%-ға артық) жөнелтілді.

Негізгі экспорттық тасымал Орталық Азия елдеріне тиесілі — 4,8 млн тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37%-ға жоғары. Атап айтқанда, Өзбекстанға 3,6 млн тонна астық жөнелтілді (+50%), Тәжікстанға — 1 млн тонна (+17%), Ауғанстанға — 655 мың тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,4 есе көп. Қытайға 558 мың тонна астық тасымалданды, бұл да былтырғы көрсеткіштен 33%-ға артық.

Астық тасымалын тұрақты әрі уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі астықты теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құрды.

Еске салсақ, салынып жатқан «Қызылжар – Мойынты» желісінде басты теміржол түйісті