Елордада Chery маркалы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көше жарығының бағанына соғылды. Жүргізуші оқиға орнында қкөз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Chery Tiggo автокөлігінің жүргізушісі Керей мен Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай, көше жарығының тірегіне соғылған. Соққының әсерінен көлік аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған Астана қаласы Полиция департаменті таратқан хабарламада.