Үкімет экономиканы әртараптандыру жөніндегі тәсілдерді талқылады

17 ақпан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үкімет экономиканы әртараптандыру жөніндегі тәсілдерді талқылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы біздің алдымызға өнімділікті арттыру және технологиялық жаңару есебінен өсімді қамтамасыз ету міндетін қойды.

«Бұл экономикалық саясатты түпкі нәтижеге, яғни халықтың табысын ұлғайту және экономикалық дербестікті нығайтуға қарай бағыттауға мүмкіндік береді.

Дәл осы тұста өңдеу саласын әртараптандыру және оны белсенді дамыту маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті Премьер-министр.

Еске сала кетейік, қазақстандық блогерлерден 500 млн теңге салық өндірілді.