Үкімет азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету бойынша жаңа шаралар дайындап жатыр

Бүгін, 12:35
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Үкімет азаматтардың борыштық жүктемесін төмендету бойынша жаңа шаралар дайындап жатыр
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында халықтың проблемалық берешегін реттеу және Кешенді жоспарда көзделген қарыз алушыларды қорғауды арттыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді., деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде мерзімі өткен берешек тәуекелдері 6,5% деңгейінде сақталуда, ал несиелердің жоғары құны көптеген отбасылар үшін айтарлықтай ауыр жүктеме болып отыр.

Шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есептеу әдістемесін қайта қарау, қаржы ұйымдарының жосықсыз тәжірибелеріне бақылауды күшейту және әлеуметтік осал топтағы азаматтардың жекелеген санаттары үшін банкроттық рәсімдерін жеңілдету ұсынылып отыр.

Еске салайық, бұған дейін елімізде еңбекақыны көтеру саясаты жалғасатыны туралы жаздық.