Телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады
29 сәуір, 2025
Фото: Freepik
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.
«30 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады», - деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
«Айбын-2026»: Қазақстан құрамасы халықаралық санатта жеңіске жетті
28 маусым, 2026
Ел өңірлерінде әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін
27 маусым, 2026
Шомылу маусымы: ТЖМ тұрғындарға маңызды ескерту жасады
26 маусым, 2026
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификатын қолдан жасау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті