Тәуелсіз еліміз әлеуметтік мемлекетке айналды — Мәжіліс депутаты
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова тәуелсіз еліміз үшін әлеуметтік саясаттың маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
"16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. Бұл күні 1991 жылы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Заңмен елдің тәуелсіздігі бекітіліп, КСРО-дан шығу жолы қорытындыланды. Қазақстан халықаралық құқық субъектісіне айналды, тәуелсіз мемлекет болды. Бұл факт енді құқық туралы ғана емес, міндеттемелер туралы да. Біздің еліміз бейбіт даму жолын таңдады. Әлеуметтік мемлекетке айналды. Халық тарихтың басты кейіпкері ретінде анықталды. Еліміздің барлық азаматтарының бір-бірімен теңдігі айқындалды. Мен үшін де бұл күн маңызды, өйткені ел азаматтары үшін тегін орта білім алу құқығы артты. Бұл азаматтарымыздың орта білімін қамтамасыз етеді және елдің дамуына мүмкіндік береді", - деді Мәжіліс депутаты.