Табиғат пен тарихқа зиян келтіргендер қатаң жазаланады - ІІМ ескерту жасады
Әлеуметтік желілерде танымал болу немесе видео түсіру мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері көбейген6 деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл әрекеттер елдің мәдени әрі табиғи мұрасына зиян келтіріп қана қоймай, заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
«Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер мен тарихи орындар — Қазақстанның ұлттық байлығы және мемлекет қорғауындағы нысандар. Жартастарға, ескерткіштерге немесе басқа да мәдени-тарихи объектілерге жазу жазу, оларды бүлдіру заң бұзушылық болып саналады», делінеді полиция хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 294-бабына сәйкес, вандализм жасаған азаматтарға 100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ІІМ азаматтарды табиғатқа, тарихи мұраларға және қоғамдық ортаға ұқыптылықпен қарауға шақырады. Вандализмнің кез келген түрі заң аясында қатаң бағаланып, жауапқа тартылуға әкеледі.