22 ақпанда Абай облысында болған аталған оқиғаға қатысты комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберілді. Сондай-ақ жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі», - деді Абай облысы Полиция департаменттің бастығының орынбасары Ернар Базаров.
Оның айтуынша, комиссия нәтижесінде үш ата-ананы ата-ана құқынан айырылып, ал екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.