Қазақстанда астық элеваторларын салу және жаңғырту бойынша несие беру бағдарламасы іске қосылады
24 желтоқсан, 2025
Фото: primeminister.kz
Егіс алқаптарын белсенді әртараптандыруға және дәнді емес дақылдардың жоғары өнімділігіне байланысты еліміздегі сақтау инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі туындады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Егін шаруашылығында сақтау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі – өсімге кедергі келтіретін фактор болып отыр. Осыған байланысты элеваторларды кеңейту және жаңғырту жобаларына арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленуде, оны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр», - деді Айдарбек Сапаров.
Ұқсас жаңалықтар
26 қыркүйек, 2026
Еңбек күні қарсаңында Олжас Бектенов үздік еңбеккерлерді марапаттады
24 қыркүйек, 2026
Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы: үкіметтік комиссия құрылды
23 қыркүйек, 2026
Қазақстанда шекара инфрақұрылымының өткізу қуаты 2,6 есеге артты
23 қыркүйек, 2026
Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді