Референдум-2026

Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр

Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр
фото: Оңалхан Өнерхан

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр бүгінгі таңда еліміз көптеген базалық өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша 100% қамтылған», - деді Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 12%-ға өсіп, $10 млрд-тан асқан.

«Азық-түлікке жатпайтын секторға келсек, бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 12%-ға өсіп, $10 млрд-тан асты. Ал импорт көлемі 4,4%-ға өсті», - деді Арман Шаққалиев.

Қазақстанның ішкі нарығы отандық өндірушілер үшін сұраныстың басты көзі болып қала беретіні атап өтілді.

Еске сала кетсек, министрдің мәлімдеуінше елімізде ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгеге жеткен.