Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі облыс тұрғыны синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Тінту кезінде тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан астам прекурсор мен 52 келіден астам дайын есірткі - Альфа-PVP затын тәркіледі», - делінген хабарламада.