Павлодар облысында есірткі сақтаған және сатқан ауыл тұрғындары қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Железин ауданындағы ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана табылған.
Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған қоса кондитерлік көкнәр деп оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқандар ұсталды. Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін саудалайтын орындар ашып, есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сатқан.
«Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деді Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.