Референдум-2026

Олжас Бектенов Астана әкімдігіне жаңа әуежай салуға дереу кірісуді тапсырды

Бүгін, 12:00
Думан Аманжол Думан Аманжол
Олжас Бектенов Астана әкімдігіне жаңа әуежай салуға дереу кірісуді тапсырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет келесі жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын аяқтап, Астанада жаңа әуежай салуға кіріседі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстанды өңірдегі жетекші көлік-логистика торабының біріне айналдыру міндетін қойды. Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды.

«Мемлекет басшысы Қазақстанды өңірдегі жетекші көлік-логистика торабының біріне айналдыру міндетін қойды. Көлік саласында жаңа теміржол желілерін салу және вокзалдарды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау қажет. “Қарағанды–Жезқазған” республикалық жолын реконструкциялау басталды, бұл оның өткізу қабілетін жақсартады. «Бейнеу-Сексеуіл» және «Орталық–Батыс» жолдарының уақтылы әрі сапалы салынуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ келесі жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуды аяқтау қажет», - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Президент елордада жаңа әуежай салу кезек күттірмейтін міндет екенін айтты. Астана әкімдігіне аталмыш жобаны жүзеге асыруға дереу кірісу тапсырылды. Бұл ретте Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілмек.