Министрлік бала ұрлау туралы жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
26 тамыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы «ескерту» жалған ақпарат екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Күдік тудыратын жағдайлар кезінде 102 нөмірі арқылы полицияға жүгініңіздер», - делінген хабарламада.
Құзырлы орын, сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер
25 қыркүйек, 2026
Жезқазғанда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмектесті
25 қыркүйек, 2026
Елордада полиция қызметкері биіктіктен құлайын деп тұрған қызды құтқарып қалды
25 қыркүйек, 2026
Каспийде аман қалған Атырау облысының сарбазы жағаға өз күшімен жеткен