Каспий теңізінде түлендер жаппай қырылып жатыр
26 мамыр, 2025
Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Форт-Шевченко маңында Каспий жағалауынан 50-ден астам түленнің өлі денесін тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.
«Жағалаудың бір ғана шақырымында 50-ден астам түленнің денесі жатты. Екі күн бұрын ғана 160-тан аса өлексені утилизациялаған», – деп жазды Сәрсенбаев.
20-21 мамыр күндері Форт-Шевченко маңынан 117 шіріген түленнің денесі табылып, олардың қараша-желтоқсан айларында қырылуы мүмкін екені болжанған.
Жиналған өлекселер 5 шақырымдық аумақтағы жағалаудан алынып, санитарлық талапқа сай утилизацияланған. Сынамалар алу мүмкін болмаған – себебі денелердің шіру деңгейі жоғары болған.
Ұқсас жаңалықтар
17 қыркүйек, 2026
Биыл ғарыштық мониторинг арқылы елімізде 2,6 мың заңсыз қалдық төгілген орын анықталды
16 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Корея орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
16 қыркүйек, 2026
Бір батарейка 400 литр суды ластауы мүмкін бе
15 қыркүйек, 2026
Күзде орманды жаңғыртқан маралдың дауысы нені білдіреді