Астанада бүгін салауатты өмір салты фестивалі өтеді
19 және 20 қыркүйекте Астананың Орталық саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында салауатты өмір салты фестивалі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара амфитеатр мен The St. Regis Astana қонақүйінің арасында орналасқан «Астананың басты спорт алаңында» өтеді. Екі күнде де спорттық бағдарлама сағат 15:00-де басталады.
Фестиваль аясында күштік көше спорты түрлерінен турнир ұйымдастырылады. Алаңда гантель, гир, штанга, гимнастикалық сақина, арқан, армрестлинг үстелі және басқа да спорт құрал-жабдықтары ұсынылады.

Сонымен қатар қатысушылар мен көрермендер үшін DJ қатысатын музыкалық бағдарлама әзірленген. Жарыс жеңімпаздары медальдармен, сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталады.
Турнирге қатысу, көрермендер үшін кіру тегін.
Бұдан бөлек, бүгін сағат 14:00-де «Таза Қазақстан» акциясы аясында спортшылардың қатысуымен спорт алаңының айналасына ағаш отырғызу шарасы өтеді.
Еске салсақ, Астана World Cleanup Day халықаралық тазалық акциясына қосылды.