Бүгін Аичи-Нагояда жазғы Азия ойындарының алауы жағылады

19 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін Аичи-Нагояда жазғы Азия ойындарының алауы жағылады

Бүгін Аичи және Нагояда (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Сондай-ақ осы күні Қазақстан құрамасы гандболдан жарысты бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы үшін жарыстың алғашқы бәсекелерінің бірі әйелдер арасындағы гандболдан өтті. Топтық кезеңдегі алғашқы кездесуде қазақстандық гандболшылар Қытай құрамасымен кездесті.

Ойын Астана уақытымен сағат 06:00-де басталды.

Ал Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.

Еске салсақ, Жапониядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілгенін жаздық.