Авторлық құқық саласындағы бірыңғай цифрлық платформа таныстырылды

Авторлық құқық саласындағы бірыңғай цифрлық платформа таныстырылды
Фото: Әділет министрлігі

Әділет министрлігі телеарналар мен радиостанциялардың өкілдерімен бірлесіп авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара шеңберінде Қазақстанның Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ оларды практикалық қолдану мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаның (БЦП) таныстырылымы өтіп, онда платформаның негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнаманы қолдану және авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша тараптар пікір алмасты.