Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Жоламан Биғабыл Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Каратэден кумитэ бағдарламасы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездесті. Жоламан Биғабыл шешуші жекпе-жекте қарсыласын 9:1 есебімен сенімді жеңіп, Азия ойындарының алтын медалін иеленді.
Бүгінде WKF каратэ Қазақстандағы бұқаралық спорт түрінің бірі саналады. Бұл спорт еліміздің 20 өңірінде дамытылып, онымен 77 мыңнан астам адам тұрақты түрде айналысады.
Еске салсақ, Азиаданың алғашқы алтын жүлдесін тасжол велоспортынан Рината Сұлтанова иеленді. Екінші алтын жүлдені құрама қоржынына Алексей Луценко салды.