13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғалымдар жерасты суын тартудың жаңа технологиясын сынақтан өткізіп жатыр

|
Photo: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ғалымдар жерасты суын тартудың жаңа технологиясын сынақтан өткізіп жатыр

|
Photo: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары құбырсыз су тарту технологиясының далалық сынақтарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның негізгі мақсаты – тік дренаж ұңғымаларын орнату мен пайдалану кезінде шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізу.

Бұл технология ұңғымаларды жабдықтауға жұмсалатын қаражатты едәуір азайтуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр. Мұның себебі су көтеруге арналған құбырлар қолданылмайды, сондықтан оларды сатып алу, тасымалдау және орнатуға кететін шығындар қажет болмайды. Бұдан бөлек, сорғыны ауыстыру немесе жөндеу кезінде орнату мен бөлшектеу жұмыстары жеңілдеп, олардың бағасы да төмендейді. Ал су қысымының жоғалуы төмендегендіктен, электр энергиясын тұтыну да қысқарады.

Құбырсыз су көтеруге арналған жабдық сынақтары «Қазсушардың» Түркістан филиалына қарасты диаметрі 426 мм болатын ұңғымада жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ҚазСШҒЗИ сарапшылары филиал мамандарына арналған оқыту семинарын өткізіп, қажетті құрылғыларды пайдалану, монтаждау және бөлшектеу тәртібін түсіндірді.

Бүгінде диаметрі 219, 273, 324, 377 және 426 мм болатын ұңғымаларға арналған технологиялық жабдықтарға қатысты техникалық құжат әзірленіп, әртүрлі өлшемдегі ұңғымаларға арналған жабдық үлгілері әзірленді.

Егер сынақ нәтижесінде тәжірибелік үлгінің экономикалық тиімділігі расталса, ұсынылып отырған құбырсыз су көтеру технологиясы ауыл шаруашылығында, елдімекендерді сумен жабдықтауда және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында кеңінен қолданылуы мүмкін.

«Қазіргі таңда мұндай құрылғылар Қазақстанда шығарылмайды және қолданылмайды. Сондай-ақ қарапайымдылығы, сенімділігі және өндіріске енгізуге дайындығы жағынан тең келетін баламалар да жоқ. Құбырсыз су көтеруге арналған технологиялық жабдықтар жиынтығы ведомстволық қабылдау сынақтарынан сәтті өтті. Бұл технологияны қолдану арқылы сорғы қондырғысының металл шығыны мен жалпы салмағы 50 пайызға дейін азаяды. Ал сұйықтықтың бір көлемін айдауға жұмсалатын электр энергиясы 20 пайызға дейін үнемделеді. Сонымен қатар судың ластану немесе жұқтыру қаупі толық жойылады», – деді құбырсыз су көтеру технологиясын енгізу жобасының жетекшісі Тимур Устабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗