2026 жылғы 26 маусым — неке қиюға арналған ең әдемі күндердің бірі, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Корпорация мәліметінше, дәл осы күні үйленуді жоспарлаған жұптар өтінішін алдын ала беруі керек.
«Неке қиюды тіркеуге өтініш таңдалған күннен 15 күнтізбелік күн бұрын беріледі. Сондықтан өтінішті 2026 жылғы 11 маусымда тапсыру қажет», делінеді хабарламада.
Еске салсақ, Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды.