Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада күн ала бұлтты болады, жел соғады, қар жауады.

Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр.

Ауа температурасы күндіз -0,-2 °C.