Астанада Наурыз мейрамына орай балаларға арнап шығармашылық алаң ұйымдастырылды

21 наурыз, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Астанада Наурыз мейрамына орай балаларға арнап шығармашылық алаң ұйымдастырылды
Фото: Астана әкімдігі

Халықаралық EXPO көрме орталығында Наурыз мейрамын мерекелеу аясында балаларға арналған шығармашылық алаң ашылды. Кішкентай қонақтар түрлі шеберлік сабақтар мен арт-іс-шаралар арқылы қиялын еркін дамытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибелі жетекшілердің көмегімен балалар қыш дөңгелегінде жұмыс істеп, саз балшықтан түрлі бұйымдар – қарапайым пішіндерден бастап сәндік мүсіншелерге дейін жасады.

Сонымен қатар жас қатысушылар аквагрим жасап көріп, бет-әлпетін ертегі кейіпкерлеріне айналдырды. Бұдан бөлек, пластилиннен түрлі мүсіндер жасап, қиялдарын іске асырып, көркемдік талғамдарын дамытты.

Шығармашылық алаң балаларымен келген отбасылар үшін ең тартымды орындардың біріне айналып, білім мен шығармашылықты және ойын-сауықты Наурыз мерекесінің атмосферасында тоғыстырды.

Бұған дейін Наурыз мерекесіне орай Астанада «Жеті қазына» голографиялық шоуы ашылғанын жаздық.