10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Астанада қар күреу жұмысы үздіксіз жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«10 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер 20 453 текше метр қарды арнайы полигондарға 1 635 рейспен жеткізді.

Таңғы уақыттан бастап 2 987 жол жұмысшысы мен 1 510 арнайы техника қала көшелерін тазалауға жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Қысқы маусым басталғалы бері елордадан 130 мың текше метрден астам қар шығарылған, бұл шамамен 10 543 рейске тең.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Кейін қар жинау жұмысы аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жалғасады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолда және тротуарда абай болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапардан бас тартуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗