Астанада екінші ауысымдағы 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқиды

11 ақпан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада екінші ауысымдағы 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқиды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«11 ақпанда ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты екінші ауысымның 0-7-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Бұрқасын соғады.