Алматыдан ұшып шыққан Air Astana борты техникалық себеппен Дели әуежайына қонды

Бүгін, 09:07
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Алматыдан ұшып шыққан Air Astana борты техникалық себеппен Дели әуежайына қонды
Фото: freepik.com

Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды. Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«18 желтоқсанда Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды.138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонды.Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар, Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның сөзсіз басымдығы болып табылады.+7 7027020074 әуе компаниясының WhatsApp жедел желісі», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Алматыдан Астанаға шыққан Air Astana ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болғанын жаздық.