Әділ Құсманов агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әділ Миратұлы 1994 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Оксфорд университетінде (University of Oxford) математикалық модельдеу және ғылыми есептеулер мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Назарбаев Университетінде математика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018-2020 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында жетекші сарапшы ретінде бастаған.
Соңғы атқарған қызметі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.
Айта кетерлігі, Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.