Референдум-2026

2026 жылы мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды

30 маусым, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
2026 жылы мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астанада Ветеринариялық қызмет пен мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген саланың ардагерлері қатысты.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан қатысушыларды Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтады.

Салтанатты рәсім мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстаумен аяқталды.