13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жүргізушілер жыл басынан бері ақылы жолдар арқылы 62 млн астам рет жүріп өткен

|
Photo: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жүргізушілер жыл басынан бері ақылы жолдар арқылы 62 млн астам рет жүріп өткен

|
Photo: Freepik.com

Жыл басынан бері еліміздің көлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 62 млн астам рет жүріп өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz QazAvtoZhol-ға сілтеме жасап.

Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді.

Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:

1. Алматы – Қонаев (10 млн)
2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (7,8 млн)
3. Шымкент – Тараз (5,5 млн)
4. Тараз – Қайнар (4,6 млн)
5. Шымкент – Қызылорда (4 млн)
6. Астана – Теміртау (3,8 млн)
7. Қонаев – Талдықорған (3,3 млн)
8. Астана – Щучинск (3,27 млн)
9. Щучинск – Көкшетау (2,82 млн)
10. Астана – Павлодар (2,1 млн)
11. Алматы – Қорғас (2 млн)
12. Қостанай – Денисовка (1,57 млн)
13. Тараз қаласының айналма жолы (1,56 млн)
14. Қызылорда – Арал (1,5 млн)
15. Көкшетау – Петропавл (1,47 млн)
16. Балқаш – Бурылбайтал (1,1 млн)
17. Павлодар – Семей – Қалбатау (1,1 млн)
18. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (1,1 млн)
19. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (736 мың)
20. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (698 мың)
21. Орал – РФ шекарасы (Самара) (669 мың)
22. Шу – Бурылбайтал (583 мың)
23. Орал – РФ шекарасы (Саратов) (485 мың)
24. Қандыағаш – Мақат (462 мың)
25. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың)
26. Үшарал-Достық (56 мың).

Ақылы жолдарға деген мұндай жоғары сұраныс, жол инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін береді. Жолдардың сапасын арттыру тек көлік қарқындылығының өсуіне ғана емес, сондай-ақ заманауи жол желілері бар аймақтардың экономикалық өсуіне ықпалы етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗