Жасанды интеллект және цифрлық технологияны дамытуға баса мән беру керек – Президент
24 желтоқсан, 2025
Фото: akorda.kz
Президент озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жасанды интеллект және цифрлық технологияны дамытуға баса мән беру керек.
Менің өткен аптада Жапонияға ресми сапармен барғанымды білесіздер. Сапар кезінде Токио губернаторымен кездестім. Түрлі салада ынтымақтастық орнатуға келістік, цифрлық технологияларға ерекше назар аудардық.
Токиодағы Smart City жобасымен таныстық.
Жапония озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізу тұрғысынан зор табысқа жетіп отыр. Біз осы бағытта тәжірибе алмасатын болдық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады
27 қыркүйек, 2026
Президент Каспийдегі қайғылы оқиғада аман қалған үш әскериді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
27 қыркүйек, 2026
Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды