Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін
6 маусым, 2026
Фото: Бас көлік прокуратурасы
Бас көлік прокуратурасы азаматтарды заңсыз сақталған қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсыруға шақырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
«Бас көлік прокуратурасы суық қаруды заңсыз алып жүру, сақтау және өткізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Бұл ретте, заңсыз сақтаудағы қаруды және басқа да тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсырған тұлғалар заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Көлік прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырады», – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи Қазақстанға алғаш рет келді
25 қыркүйек, 2026
Бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр
24 қыркүйек, 2026
Қазақстаннан Қытайдың Чунцин қаласына жаңа әуе рейсі ашылды
23 қыркүйек, 2026
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы соңғы 10 күндегі фейктерге шолу жасады