Жалған нөмірмен көлік жүргізген Сәтбаев тұрғыны бес күнге қамалды
Сәтбаев қалалық сотында жалған нөмірмен көлік басқарған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлытау облыстық сотына сілтеме жасап.
«Сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігіне қатысты іс қаралды. Сәтбаев қаласында Абай көшесінің бойында азамат Ш. өз көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген. Істі қарау барысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты», - деп жазылған хабарламада.
Сот қаулысымен Ш. кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Бұған дейін Семейде жалған нөмірмен жүрген көліктің айыппұлдары атыраулықтың атына келгенін жаздық.