ҰҚШҰ келісімдерін ұлттық заңнамаға сәйкестендіретін түзетулер қабылданды - Мәжіліс
Мәжіліс 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2015 жылғы 15 қыркүйектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құрылымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Түзету нақтылау сипатына ие және құжат ережелерін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына және ұйымның нормативтік құқықтық құжатына сәйкес келтіруге бағытталған.
Бұдан бөлек, бірінші келісім шеңберінде құрылымдарды басқаруға, олардың өз мақсаты бойынша міндеттерді шешуі үшін тасымалдау (транзит) мәселесін жедел қарауға, сондай-ақ тараптардың аумағында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрылымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайжасауға байланысты нормалар өзектендіріледі.
Екінші құжатпен әскери және басқа да құрылымдар өз мақсаты бойынша міндеттерді орындау немесе бірлескен оқу-жаттығуға қатысу кезінде шұғыл шаралар қабылданған жағдайда, оларды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезіндегі жеделдік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін келісім нормалары өзектендіріледі.
Еске сала кетсек, таяуда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне қатысты өзекті сын-қатерлер мен қауіптер талқыланды.