Тоқаев: Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны
14 наурыз, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді.
Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр.
Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны», - деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Президент: Жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек
1 мамыр, 2026
Президент Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
29 сәуір, 2026
Тоқаев Лукашенконы Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды
24 сәуір, 2026
Президентке Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді