06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Теміртауда жасөспірімдер жалғызбасты қартты ұрып-соққан

|
Photo: Фото: freepik
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Теміртауда жасөспірімдер жалғызбасты қартты ұрып-соққан

|
Photo: Фото: freepik

Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар жалғызбасты қарттың үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, видеоға түсірген, деп хабарлады Elordainfo.kz egovpress-ке сілтеме жасап.

«Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұзақылар қарт адамның есікті ашуы үшін өздерін электрик ретінде таныстырған. Қария жалғыз тұрады, оның жақындары қайтыс болған», - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ал оқырмандар болған жағдайға жағасын ұстап, бар пәленің бастауы отбасындағы тәрбиенің нашарлығынан дегенді айтты.

«Отбасында әкесі я анасы тәртіп пен талапты күшейтіп, баланың бойына адамгершілікті сіңіріп, қатесін түсіндіріп, ұқпайтын болса жаза болатынын ескертпесе , санасыз ұрпақ өседі», «Жедел түрде «Қылмыстық кодекске» өзгеріс енгізу керек, қылмыскерлерге өлім жазасын енгізу керек. Әйтпесе қатыгездік, педофилия, адам өлтіру тоқтамайды» деп жазды кей оқырмандар.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗