Табиғат Зейнұлқабден: Республика күні - Тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің символы
25 қазан, 2025
Фото: Табиғат Зейнұлқабденнің парақшасынан
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, ел дамуы мен өркендеуінің символы.
Астана – еліміздің жүрегі, жаңару мен жасампаздықтың айғағы. Қала тұрғындарының еңбегі мен бірлігі арқасында бас қаламыз күн санап көркейіп келеді.
Осы мереке баршамызға қуаныш, Отанға деген мақтаныш пен сенім сыйласын!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, татулық пен мол табыс тілеймін!
Мерекелеріңізбен!
Республика күні құтты болсын!», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2026
Қазақстанның әуе компаниясы 15-рет ТМД-ның үздік әуе компаниясы атанды
18 қыркүйек, 2026
«Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мың оқушы мен студент жұмысқа орналасты
17 қыркүйек, 2026
Синоптиктер қазан айында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты
17 қыркүйек, 2026
Жетісуда жүк көліктері автоматты салмақ өлшеу станциясын айналып өтіп келген