Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді

Бүгін, 12:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді
Фото: ТЖМ

Үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол жазғы кезең дәстүрлі түрде су айдындарында, демалыс орындарында, туристік маршруттарда және көпшілік жиналатын нысандарда балалардың белсенділігі артатынын атап өтті. Осыған байланысты тәуекелдердің алдын алу және ескерту мәселелері министрліктің ерекше бақылауында тұр.

Осы ретте мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Бірінші кезекте, балалардың жазғы лагерьлері мен демалыс орындарының дайындығын жалпы тексеру және комиссиямен барып қарау жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін әкімдіктермен бірлесіп 32 комиссиялық қарау жүргізілді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, хабарлау және эвакуациялау жүйелерінің жарамдылығын, сондай-ақ персоналдың төтенше жағдайлардағы іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Екіншіден, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтілді. Адамдарды құтқару мақсатында жедел ден қою үшін құтқару бөлімшелерінің құрылысы мен жарақтандырылуы қарқынды жүргізілуде. Екі жыл ішінде су айдындарында 8 құтқару стансасы салынды. Келесі жылдың соңына дейін тағы 5-еуін салу жоспарлануда. Құтқарушылардың материалдық-техникалық жабдықталуы кезең-кезеңімен жақсарып келеді. Заманауи жылдамдықты қайықтар мен техника сатып алынуда.