06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Өскеменде полицейлер ортаазиялық тасбақалардың заңсыз сатылымының жолын кесті

|
Photo: Фото: Рolisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Өскеменде полицейлер ортаазиялық тасбақалардың заңсыз сатылымының жолын кесті

|
Photo: Фото: Рolisia.kz

Полицияға жергілікті тұрғыннан үй жануарлары дүкендерінің бірінде бауырымен жорғалаушыларды ұстауға қатысты заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері дүкенде тексеру жүргізіп, онда сатушылардың ұстауға және сатуға рұқсаты жоқ үш ортаазиялық тасбақаны тәркілеген.

Ортаазиялық тасбақа осал түр ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген, сонымен қатар жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциямен (СИТЕС) қорғауға алынғанын айта кету керек.

Аталған факті бойынша оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына берілді.

Тәртіп сақшылары жануарлар әлемін қорғау саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды экологиялық тепе-теңдікті сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗