Ш.Бейсекова мен Н.Тілендиев көшелерінің қиылысындағы жол айырығы қашан аяқталады
3 наурыз, 2025
Фото: instagram.com/tzeinulkabden
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Ш.Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысында салынып жатқан екі деңгейлі жол айырығының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бірқатар жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр, алайда нысанның уақытында тапсырылмау қаупі бар. Орында кешігудің себептерін анықтадық. Нысанды тапсыру 2024 жылдың қазан айына жоспарланған, ал 2026 жылы айналасындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Мердігерге құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырдым», - деп жазды мәслихат төрағасы.

Сондай-ақ №41 орта мектебіне 600 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары талқыланды. Құрылысты жақын арада бастап, биыл аяқтау жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:52
Елорда оқушылары макулатураны қайта өңдеу процесімен танысты
Бүгін, 17:09
Нотариат туралы заңнамадағы өзгерістер: 2026 жылғы 8 шілдеден бастап азаматтар үшін не өзгерді
Бүгін, 16:56
Қазақстанда мемлекеттік қызметтің кадрлық процестеріне ЖИ-ді енгізу талқыланды
Бүгін, 15:49
Қарттар күніне орай Астанада зейнеткерлер үстел ойындарынан бақ сынады