Семейде 39 жастағы жергілікті тұрғын өзін инсульт алған адам ретінде көрсетіп, қайыр сұраумен айналысқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Ол Засядко көшесіндегі сауда үйінің маңында отырып, өтіп бара жатқан азаматтардың аяушылығын тудырып, ақша алып жүрген. Қоғам белсенділерінің бірі ер адамға көмектескен, бірақ кейін оның ешқандай мүгедектігі жоқ екенін білген», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен ол бес тәулікке қамауға алынды.
Қазіргі таңда ер адам жазасын өтеп шыққан.