Қазақстан мен Кения президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
20 мамыр, 2026
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.
Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады
27 қыркүйек, 2026
Президент Каспийдегі қайғылы оқиғада аман қалған үш әскериді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
27 қыркүйек, 2026
Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды